
ҰСТАЗДАР КҮНІ – ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ!
Талдықорған қаласында Мұғалімдер күніне орай салтанатты шара өтті. «Ұстаз - ұлы тұлға» атты мерекелік шараға ардагер ұстаздар шақырылып, білім беру саласының адал қызмет еткен абзал жандарға құрмет көрсетілді. Салтанатты жиын барысында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Төлепбергенов ұстаздарды мерекемен құттықтап, саланың дамуына сіңірген еңбектері үшін бірқатар ұстаздарды марапаттады.
«Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен:
-Жолдыбаева Лязат Менгалиевна- №14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;
-Бакибаева Жупар Токановна - Құрама үлгідегі №1 ясли-бақшасының дефектолог маманы марапатталды.
«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі №12 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Голованева Ольга Павловнаға табысталды.
Мерекелік концертте ұстаздарға арнап әсем әндер шырқалып, жүрекжарды тілектер айтылып, шара жылы лебіздермен өрнектелді.
Жетісу облыстық ұйымының Талдықорған қалалық филиалы