
МҰҒАЛЖАР ҰСТАЗДАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – ұлт шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға аудан әкімі, облыстық білім басқармасының өкілдері, кәсіподақ ұйымының жетекшілері, ардагер ұстаздар, білім беру мекемелерінің басшылары мен марапат иелері қатысты.
Шарада Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздардың қоғамдағы рөліне тоқталды:
«Ұстаз еңбегі – елдің ертеңіне қаланған берік негіз. Бүгінгі заман – білімді, білікті мамандардың заманы. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен шәкірт тәрбиесіндегі үлестеріңіз өлшеусіз.. Баршаңызға зор денсаулық, табыс, шығармашылық жетістіктер тілеймін», – деді ол.
Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің төсбелгілері, аудан әкімінің және облыстық білім басқармасының Алғыс хаттары ұстаздарға табысталды. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымы атынан да үздік мұғалімдер марапатталды.
Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты
-
Фотографии
-