
ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
Ақтөбе өңірінің барлық аудандарында ұстаздарға арналған мерекелік шаралар өтті. Іс-шара барысында аудан әкімдері мен білім бөлімінің басшылары және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының төрағалары ұстаздар қауымын және сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мерекенің басты мақсаты – педагог мамандығының қоғамдағы мәртебесін арттыру, ұстаз еңбегінің айрықша маңызын дәріптеу.
Әсем ән мен ырғақты биге өрілген әсерлі кеште адал еңбегімен көзге түскен ұстаздар да назардан тыс қалған жоқ.
Шара барысында үздік педагогтар Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық және облыстық кәсіподақ ұйымдарының, сондай-ақ облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен және төсбелгілерімен марапатталды.
Сонымен қатар марапат иелеріне аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар мен шипажайларға жолдамалар табысталды.
-
Фотографии
-