
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ МЕН ЕҢБЕК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА
Ұлт болашағын тәрбиелеуде өлшеусіз еңбек етіп жүрген ұстаздарымыздың кәсіби мерекесі мен Еңбек күніне орай, Түркістан облысы, Сайрам ауданының «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мекеме директоры С.Сұлтанов ұстаздар қауымын шын жүректен құттықтап, олардың білім мен тәрбие жолындағы ерен еңбектеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ, «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Г.Тлеубердиева ұстаздарға ақжарма тілегін арнап, еңбек қызметкерлерін марапаттап, арнайы кәсіподақ атынан мерекелік сыйлық табыстады.
Жиын барысында ән шырқалып, мерекелік көңіл күй орнады. Қатысушылар жүрекжарды тілектер айтып, ұстаздарға құрмет көрсетті. Білім мен еңбекке бас иетін бұл мерекелік шара – ұжымның ауызбіршілігі мен ұстаздар еңбегіне деген зор алғыстың жарқын көрінісі болды.