
БӨБЕКЖАЙ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ
Түркістан облысы, Сайрам ауланының «Шаттық» аралас түрдегі бөбекжай бақшасының 10 жылдық мерейтойы ұстаздар мерекесімен қатар аталып өтті.
Балалардың жарқын болашағына үлес қосып келе жатқан «Шаттық» аралас түрдегі бөбекжай-бақшасы биыл өз тарихындағы ерекше белес — 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл қуанышты сәт Ұстаздар мерекесімен қатар ұйымдастырылып, салтанатты түрде атап өтілді.
Мерекелік іс-шараға «Шапағат педагог»білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Г.Тлеубердиева арнайы қатысып, ұжым мүшелерін қос мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол бөбекжай ұжымының табанды еңбегін, бала тәрбиесіне қосқан зор үлесін атап өтіп, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.
Сондай-ақ, кәсіподақ атынан бірқатар қызметкерлер құрмет грамоталарымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шара бараснда тәрбиешілер дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, жылы лебіздер мен қуанышқа толы сәттер мерекенің сәнін арттырды.
«Шаттық» бөбекжай бақшасының 10 жылдық тарихы – қажырлы еңбек пен мейірімге толы жылдар. Ұжым алдағы уақытта да жас ұрпаққа сапалы тәрбие мен білім беруді басты мақсат етіп, талмай еңбек етпек.