
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда қалалық білім бөлімі мен қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте жас ұрпаққа білім беріп, шәкіртінің болашағына сәуле түсіретін ұстаздарға арналған «Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем!« атты мерекелік кеш өтті.
Қызылорда қаласы бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мажитқызы ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, марапаттады. Қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті тарапынан сый-сияпат табыс етілді.
Мерекелік кеште жүрекке жылы сөздер айтылып, әсем әндер шырқалды, мың бұралған билер орындалды.
-
Фотографии
-