
МЕРЕКЕЛІК КЕШ ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛДЫ
Ұстаздар – ұлттың рухани тірегі, келешекке бағыт беретін шамшырағы. Биыл да дәстүрге сай Қызылорда облысы, Қазалы ауданында Ұстаздар күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Ауданның білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздар марапат төрінен көрініп, лайықты құрметке бөленді.
Мерекелік шарада ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекешов пен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Раман, Қазалы аудандық «Білім беру саласының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Қуанышбаев құттықтау сөз сөйлеп, білім саласының майталман мамандарын марапаттады.
Ұстаз болу – үлкен жауапкершілік пен жанқиярлықты талап ететін киелі мамандық. Бүгінгі таңда Қазалы ауданында қызмет етіп жүрген барша әріптестерімізге алғысымыз шексіз. Шәкірттерді тәрбиелеуде, олардың бойына білім мен адамгершілік құндылықтарын сіңірудегі еңбектеріңіз ешқашан елеусіз қалмайды.
Мерекелік кеш барысында білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін бірқатар ұстаздарға Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасы мен Алғысы, сондай-ақ облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының біріккен марапаттары табысталды.
Ұстаздар мерекесі барша ұстаздарға құтты болсын!
-
Фотографии
-