
ЕРЕН ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің К. Ушинский атындағы №7 орта мектептің география пәні мұғалімі Шырын Жұмағалиева Ақордада Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл ұстаздың ұзақ жылғы адал еңбегінің бағалануы.
Шырын Рахымбайқызы– өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірт тәрбиелеуде жоғары кәсіби деңгейін көрсеткен педагог. Ол Еңбек жолын Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы Ш.Уалиханов, атындағы орта мектепте география пәнінің мұғалімі болып бастап, 2007 жылдан бері Талдықорған қаласындағы К.Ушинский атындағы №7 орта мектепте география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
Шырын Рахымбайқызы ізденімпаз жаңашыл ұстаз ретінде сабақтарында заманауи әдістерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі.
Қадірлі ұстаз, мәртебелі марапатыңыз құтты болсын! Ұстаздық жолыңыз табысты, еңбегіңіздің жемісі мол болсын!
Жетісу облыстық ұйымының Талдықорған қалалық филиалы