
САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ
Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері ұйымы Қазақстан кәсіподақтар күніне орай білім саласының қызметкерлерін марапаттады.
Салтанатты іс-шара барысында білім саласында абыройлы еңбек етіп жүрген ұстаздар мен қызметкерлердің, кәсіподақ төрағаларының еңбегі ерекше аталып өтті. Мерекелік шарада 60-қа жуық ұстаз бен қызметкерге шипажайларға жолдамалар және кәсіподақ пен білім бөлімінің алғыс хаттары табыс етіліп, олардың еңбегіне құрмет көрсетілді.
Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова марапат иелерін құттықтап, олардың еңбегінің білім саласын дамытудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол ұстаздар мен қызметкерлерге мықты денсаулық, кәсіби табыс және жаңа биіктерді бағындыруды тіледі.