
КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛЫТАУДА ЕҢБЕК МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Ұлытау өңірінде кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан белсенді мүшелердің еңбегі лайықты бағаланды.
«Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі мен облыстық салалық кәсіподақ ұйымдары бірлесіп мерекелік жиын ұйымдастырды. Іс-шараға кәсіподақ төрағалары, ардагерлер мен кәсіподақ белсенділері қатысты.
Жиын барысында кәсіподақ қозғалысының маңызы мен қоғамдағы рөлі атап өтіліп, қатысушыларға жылы лебіздер мен ізгі тілектер жолданды. Кәсіподақ төрағалары өз сөздерінде ұйымшылдық пен ынтымақтың, еңбек адамының абыройын көтерудің маңыздылығына тоқталды.
Салтанатты жиын соңында облыстық кәсіподақ ұйымдарының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар белсенділер мен ардагерлер кәсіподақ марапатымен марапатталды.
Ұлытау облыстық ұйымы