
БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС
«Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы іс жүргізу» атты семинар – кеңес Абай облысының Көкпекті аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Оқушылар шығармашылық сарайында» өтілді. Семинарға аудан білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Семинар-кеңесті аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ш.М
ұстафинова ашып, «Кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен» таныстырды. Іс жүргізуді ұйымдастыру, нұсқаулықпен белгіленген құжаттармен жұмыс ережесі мен тәртібін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін қадағалау жауапкершілігі кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына жүктелетіндігі, нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдарды, кәсіподақ ұйымдарындағы құжаттар айналымын, кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналының формасы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс , жеке қабылдауды есепке алу журналы, кәсіподақ ұйымдарының құжаттық қорын және номенклатураны жүргізу және істі қалыптастыру туралы ақпаратар берді. Қатысушылар тарапынан өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар алды.
Семинар – кеңеске қатысушылар мол ақпараттар алды. Семинар соңында қатысушылар кәсіподақ ұйымының жүйелі еңбегіне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарн айтып, жылы лебізбен тарқасты.
Абай облысы, Көкпекті аудандық ұйымы