
ЖАРЫС АЛАҢЫНДА – КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ
Қазақстандағы Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы және Кәсіподақтар күніне орай Абай облысының Көкпекті ауданы білім бөліміне қарасты білім мекемелеріндегі кәсіподақ ұйым мүшелері арасында «Көңілді старт» ойыны ұйымдастырылды.
«Көңілді старт» ойынының басты мақсаты - еңбек ұжымдарының ынтымақтастығын нығайту, кәсіподақ мүшелерінің бірлігін арттыру. Кәсіподақ мүшелері арасында спорт дамыту және насихаттау. Ойынға аудан орталығында орналасқан Көкпекті орта мектебі және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің ұжымдары қатысты.
Қатысушылар түрлі ойын – жаттығуларға қатысып, қолдаушыларына жақсы көңіл- күй сыйлады. Ойын өте жоғары деңгейде және қызықты өтті.
Ойын соңында Көкпекті орта мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Көкпекті ауданы кәсіподақ ұйымының төрағасы Ш.Мұстафинова ойынға қатысқандарға жылы лебізін білдіріп, мадақтамамен марапаттап, ақшадай сый-сияпатын табыстады.
Абай облысы, Көкпекті аудандық кәсіподақ ұйымы