ДИРЕКТОРЛАР МЕН ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
17 қазан күні Маңғыстау облыстық ұйымының ұйымдастыруымен Қарақия аудандық филиалының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары мен есепшілеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында облыстық ұйым төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы, және құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Храмова Наталья Станиславовна, Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің маманы Теңел Бексұлтан Есенұлы педагог қызметкерлерге олардың нақты оқу жүктемесіне қарай жалақы төлеу, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыттары тақырыбында толық түсініктер берді.
Семинар соңында белсенді әлеуметтік әріптестер - мектепке дейінгі ұйым директорлары мен есепшілері аудандық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық филиалы