
БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР
Кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы және салалық кәсіподақ қозғалысының 100 жылдығы аясында Маңғыстау облыстық ұйымының мамандары облыс орталығынан шалғай орналасқан Бейнеу аудандық филиалының жұмысын зерделеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында қызметтік іс-сапарға барды.
21 қазан күні облыстық кәсіподақ төрағасы Т.Баймбетова Бейнеу ауданы білім бөлімінің басшысы, әлеуметтік әріптес Шоқан Джаулыевпен кездесіп, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттап,алдағы уақытта әлеуметтік әріптестік аясында бірлесе атқарылар жұмыстарға сәттілік тіледі.
Бұдан соң ауданның «Үйлестіру орталығы» мамандарымен кездесіп, кәсіподақ қызметін, «Педагог мәртебсі» заңында, екі жақты келісім мен ұжымдық шарттарда қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы мектептің акт залында, Бейнеу ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен кездесіп, кәсіподақ тарапынан атқарылған жұмыстар таныстырылып, облыстық келісімдегі қосымшалар мен өзгерістер түсіндірілді.
Қойылған түйткілді сауалдарға нақты құқықтық жауаптар берілді. Одан әрі аудан орталығынан шалғайда орналасқан жаңадан ашылған Біләл Қалиев атындағы мектеп ұжымымен кездесіп, нәтижесінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы сайланды. Мектеп ұжымы өз сауалдарына тұшымды жауаптар алды. Аудандағы кездесулер 24-ші қазанға дейін жалғасады.
Маңғыстау облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-