ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУЫ – КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА!
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы Байғанин, Темір және Ойыл аудандарының білім саласы өкілдеріне арналған онлайн семинар өткізді. Семинар тақырыбы — «Білім саласындағы еңбек қатынастарындағы түйіткілді сұрақтар».
Семинарға аталған аудандардың кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кадр бөлімдерінің мамандары, заңгерлер, келісім комиссияларының мүшелері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Онлайн кездесу барысында еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер, білім саласындағы еңбек қатынастарының өзекті мәселелері, педагогтердің құқықтық қорғалуы және еңбек дауларын шешу тетіктері жан-жақты талқыланды.
Айта кету керек, облыстық кәсіподақ ұйымы педагогтар мен білім қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бағытында жүйелі түрде жұмыс атқарып келеді. Сол жұмыстардың аясында өткізілген бұл семинар барысында кәсіподақ ұйымының өкілдері еңбек дауларының алдын алу және келісім комиссиясының тиімді жұмысын қамтамасыз ету жолдары жөнінде пайдалы кеңестер ұсынды.
Семинар соңында қатысушылар кәсіподақ мамандарына онлайн және жазбаша түрде өз сұрақтарын қойып, еңбек қатынастарына байланысты өзекті мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.
-
Фотографии
-