КІТАПХАНАШЫЛАР АРАСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Кітапханашылар күні мерекесіне орай №4 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен аудан мектептері кітапханашылары арасында “IQ Battle Quiz” атты танымдық интеллектуалдық ойын өтті.
Іс-шараның мақсаты — кітапханашылар арасындағы өзара ауызбіршілікті нығайту, оқу сауаттылығын арттыру және кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту болды.
Ойын “Ұлттық әдебиет – қазақ классикасы”, “Өз өлкеңді танып біл”, “Визуалды жұмбақ”, “Библиоәлем” және “Танымдық триатлон” атты бес турдан тұрды.
Әр тур ерекше тартысты әрі көңілді өтті. Қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, жоғары белсенділік танытты.
Іс-шара соңында Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы ойынға қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Ақтөбе облыстық ұйымы