МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ
Республика күні қарсаңында білім саласының өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар лайықты марапаттарға ие болды.
Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлжан Ақанова мен Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есепшісі Жұмагүл Обаева білім беру саласындағы көпжылдық адал еңбегі, кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Кәсіподақтар қозғалысына 120 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат — еңбек адамдарына деген құрметтің, олардың қоғамдағы маңызды рөлін бағалаудың жарқын көрінісі.
Гүлжан Айтмағанбетқызы мен Жұмагүл Әнуарқызы өздерінің кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және кәсіподақ ісіне деген адалдығымен әріптестері арасында үлкен беделге ие.
Марапат иелерін құттықтай отырып, зор денсаулық пен жаңа жетістіктер тілейміз!
-
Фотографии
-