БІЛІМ ОРДАСЫНА - 65 ЖЫЛ
Маңғыстау облысының Қарақия ауданының білім саласында өзіндік орны бар №1 мектебінің 65 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Шараға аудан әкімі Төретаев Сымбат Қуанышұлы қатысып, білім саласының дамуына елеулі үлес қосып, ерең еңбегімен ерекшеленген ұстаздарды арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы «Мектебімізге 65 - жыл» медалін және облыстық кәсіподақ ұйымының марапаттарын табыс етіп, 65 жылдық тарихы бар мектепке шипажайға жолдама берді.
Маңғыстау облыстық ұйымының Қарақия аудандық филиалының төрайымы М.Б.Каржаубаева салтанатты жиналысқа қатысушы ардагер ұстаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық кәсіподақ ұйымы