ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА
Талдықорғанда ұстаздар арасындағы дәстүрлі Спартакиада аясында қызықты әрі тартысты үстел тенисі және тоғызқұмалақ және шахмат жарысы өткізілді.
Өтіп жатқан шаралардың негізгі мақсаты - ұстаздарға күзгі демалыста салауатты өмір салтын қалыптастыруға, еңбек адамын қолдауға және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталған.
Тоғызқұмалақ жарысына қалалық білім беру мекемелерінің 20 командасы құрамынан 60 педагог қызметкер қатысты, шара Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебінде ұйымдастырылып, өткізілді.
«Тоғызқұмалақ» жарысы нәтижесінде:
І орынды – Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі командасы жеңімпаз атанып,
ІІ орынды- №14 орта мектеп-гимназиясы командасы ие болды.
ІІІ орынды- Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі және Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектептері иеленді.
Үстел тенисінен тартысты дода Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінде өтті.
Спартакиаданың төртінші күнінде оған 22 команда құрамынан 66 педагог қатысып, жеңіске жетуге өз күш-жігерлерін салды.
«Үстел теннисі» жарысы нәтижесінде: І орынды – Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі командасы жеңімпаз атанып, ІІ орынды МДШО бар Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп командасы ие болды. ІІІ орынды Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі және №15 орта мектептері иеленді.
Шахмат турниріне қалалық білім беру мекемелерінің 16 командасынан, ерлер мен қыздар арасынан барлығы 48-ден астам қызметкерлер қатысып, өзара сайысқа түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша: І орынды - Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектебінің командасы жеңімпаз атанып, алға шықты. ІІ орынды Еркін ауылындағы №11 орта мектебі жеңіп, ІІІ орынға №15 орта мектебі және №14 орта мектеп-гимназиясы иеленді.
Жеңімпаздарды «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Құлмұханұлы Төлепбергенов құттықтап, жүлделі орын иелерінедипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы Айым Ерікқызы турнирдің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, жарысқа қатысушыларға алғыс білдірді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Келесі жарыстарға сәттілік тілейміз!
Жетісу облыстық ұйымының Талдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-