«СЫР ЛИГАСЫ» АЯСЫНДАҒЫ ЖАРЫС
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» спорттық жобасы аясында волейболдан отбасылық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты – волейболды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Жүлделі орындар:
1 орын – Медеуовтер отбасы (№232 ОМ);
2 орын – Тұрлашовтар отбасы (201 МЛ);
3 орын – Дүбірбаевтар отбасы (№119 ОМ) және Омаровтар отбасы (№118 ОМ).
Тартысты додада әр отбасы ұйымшылдық пен шеберлік танытып, спорт пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті! 