БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданы білім беру ұйымдары қызметкерлері арасындағы дәстүрлі кәсіподақ спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Шара Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы «Әлихан Бөкейхан ауданы комитеті» филиалы мен Қарағанды қаласының білім бөлімі ұйымдастыруымен өтті.
Бірлесіп атқарылған бұл шара – қызметкерлердің ынтымақтастығын арттыруға, ұжымдық рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Спартакиадада 7 спорт түрінен жарыстар өтті:
– тоғызқұмалақ
– асық ату / бес асық
– шахмат
– үстел теннисі
– мини-футбол
– волейбол (ерлер және әйелдер арасында)
Спартакиадаға Майқұдық-Солтүстік, Майқұдық-Оңтүстік, Сортировка, Пришахтинск аймақтарының құрама командалары қатысып, бақ сынады.
Жарыс тартысты әрі достық рухта өтті.
Жалпыкомандалық есеп бойынша:
1 орынды Майқұдық-Оңтүстік,
2 орынды Сортировка,
3 орынды Майқұдық-Солтүстік,
4 орынды Пришахтинск командалары иеленді.
Әр спорт түрі бойынша үздік ойыншылар жоғары деңгейдегі шеберлік пен дайындықтарын көрсетті.
Жүлделі орындар әділ төрелікпен, қатысушылардың ерен еңбегі мен ынта-жігеріне сай берілді.
Бұл нәтиже – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар командалық қолдау мен ортақ мақсатқа ұмтылудың жемісі.
Құттықтаймыз! Жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Пришахтинск командасына ынталандыру сыйлығын табысталды.
Бұл спартакиада – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлік пен серіктестікті нығайту жолындағы маңызды шара болды.Қатысушылар жоғары белсенділік пен нағыз спорттық рухты көрсетті.