БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫГЕРЛЕР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
15 қараша – Ұлттық валюта күні және қаржыгерлердің кәсіби мерекесі. Осы атаулы датаға орай Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының білім мекемелерінде қызмет ететін есепшілерге құрмет көрсетіліп, салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Талғат Құрақбайұлы мен білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Гүлзат Ердәулетқызы құттықтау сөз сөйлеп, қаржы саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген мамандарға арнайы алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады.