ҚАРЖЫ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
Ұлттық валюта күніне байланысты Ақтөбенің Мәртөк және Темір аудандарында білім беру мекемелерінің қаржы саласында қызмет ететін мамандарға құрмет көрсетілді. Мерекелік күн аясында еңбекқор есепшілердің кәсіби біліктілігі мен сала дамуына қосқан үлесі атап өтілді.
Мәртөк ауданында білім беру мекемелерінде еңбек ететін қаржы саласының мамандарына білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы тарапынан марапаттар табысталды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Әсет Есалин есепшілерді атаулы күнмен құттықтап, олардың маңызды әрі жауапты қызметін жоғары бағалап, игі тілегін жеткізді.
Ал Темір ауданында «Сандардан сымбат тапқан мамандық» атты сайыс ұйымдастырылды. Байқауға аудан бойынша 12 есепші қатысып, өз кәсіби шеберліктерін көрсетіп, түрлі тапсырмалар бойынша сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша үздік командалар мен қатысушылар марапатталды.
Мерекеге орай Темір ауданындағы барлық есепшілерге аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттары және сыйақылары табысталды.
Бұл шаралар білім беру саласындағы қаржы мамандарының еңбегіне деген құрметті арттырып, олардың кәсіби мерекесін лайықты атап өтуге мүмкіндік берді.
-
Фотографии
-