ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Егізбаева Құралай Берікқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының, Байқожа бекетінің N258 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, ол тек білім беруші ғана емес, заманауи әдістер мен жаңа технологияларды қолдана отырып, шәкірттерімен керемет қарым-қатынас орнатып. Ұлттық тәрбиенің негізін жаңаша және шығармашылық пен ұсынудың жаңаша үлгісін жасаған ұстаз.
2024 жылы білім сапасын арттыруға бағытталған ізденісі мен тәжірибелік еңбегінің арқасында «Үздік авторлық бағдарлама – 2024» республикалық байқауында жүлделі I орынды иеленіп, ғылыми көзқарас пен шығармашылық ізденісін дәлелдеді. Осы жетістік нәтижесінде «Біркөлік» шипажайына арнайы жолдамаға ие болды.
Ұстаздың табысының негізі – үнемі ізденіс пен даму, шәкірттеріңіздің алдағы өміріне дайын болуына жасаған үлкен ықпалыңыз үшін рахмет. Шығармашылығыңыз шыңдала берсін.