ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Ережепова Мейрамкүл Әлуханқызы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,Шиелі кентіндегі №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, өз ісіне адал, кәсіби біліктілігімен және жаңашылдығымен ерекшеленетін, оқушылардың жеке кәсіби әлеуетін,шығармашылық қабілеттерін шыңдау,олардың өз мүмкіндіктерін барынша жүзеге асыра білу жолында еңбек етіп келе жатқан ұстаз.
Олимпиада – білім жарыстырудың өзіндік ерекшелігі бар бір түрі, оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарының нәтижесі.2024 жылы ізденісі мен тәжірибелік еңбегінің нәтижесінде оқушысы Мұханбетияр Аяулым республикалық олимпиадада І орынды иеленіп, ұстаздың шығармашылық шеберлігі мен ғылыми көзқарасының биіктігін дәлелдеді. Осы жетістіктің нәтижесінде «Біркөлік» шипажайына арнайы жолдама берілді.
Ұстаздың ең басты құндылығы – оқушы жүрегіне жол таба білу. Ізгілік пен парасат дәнін себетін ұстаз еңбегі әрқашан құрметке лайық. Жетістікке жетер жолдарыңыз нұрлы да баянды болсын!