БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Әдістемелік жұмыс кәсіподақтағы үздіксіз білімнің құрамдас бөлігі. Ол бастауыш кәсіподақ ұйымындағы төрағаның біліктілігін арттыруға, тұлғалық мәнді қажеттіліктерін қанағаттандыруға ынталандыру мақсатында жүргізіледі.
Осы бағытта «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Талдықорған қалалық филиалы үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді.
Талдықорған қалалық филиал төрағасы Айым Ерікқызы М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп – гимназиясына барып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Маржан Доскельдиноваға әдістемелік көмек көрсетті.
Кәсіподақтың іс номенклатурасына сәйкес құжаттарды дұрыс рәсімдеуді негіз етіп, филиал төрағасы құжат айналымындағы өзгерістерді көрсетті. Қоғамдық жұмыстағы негізгі бағыттарды қамтып, сала қызметкерлерінің өзекті мәселелерін ортаға салып, талқылады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Маржан Жайыққызы мекемеде 148 адам жұмыс істейтінін айтып, барлығына кәсіподақ мүшесі ретінде құқықтық, әлеуметтік және материалдық көмектер көрсетілетінін жеткізді.
Еңбек ұжымында кездесулер өтіп, уақытында құжаттары рәсімделіп, номенклатураға сәйкес жинақталатынын айтып, бастауыш ұйымдарға тиісілі құжаттардың барлығын көрсетті.