ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ – КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА!
18 қарашада Қарағанды облысының Абай ауданында білім беру ұйымдарының техникалық еңбек қауіпсіздігі инспекторларына арналған семинар өтті. Іс-шараны Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы ұйымдастырды.
Семинарда Мемлекеттік еңбек инспекторы А.Қасымова, еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының облыстық филиалының директоры А.Омарова және Қарағанды облыстық ұйымының бас маманы Л.Гасанов баяндама жасады.
Семинар аяқталған соң барлық қатысушыларға оқу курсынан өткенін растайтын сертификаттар мен жадынамалар таратылды.
Қауіпсіз жағдайда жұмыс істеу – әр адамның құқығы. Абай аудандық кәсіподақ комитеті семинарды ұйымдастырғандарға алғысын білдіреді. Алынған білім ауданымыздың еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторларының кәсіби қызметінде пайдалы болады деп сенеміз.
Қарағанды облысы, Абай аудандық кәсіподақ комитеті