ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Меңдібаева Мөлдір Болатбекқызы – М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші.
Ол өз пәнін жетік меңгерген ұстаз қазақ тілі мен әдебиеті пәнін меңгертуде жаңашыл әдістерді қолданып, шәкірттерінің бойында шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамытып, оларды халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға дайындауда ерекше еңбекқорлық танытып келеді. Тек шәкірттерді баптап қана қоймай, өзі де үздіксіз дамып, кәсіби байқауларға үнемі қатысып келеді.
Үстіміздегі жылы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды.
Осы керемет жетістіктің нәтижесінде қазан айының 27-31 аралығында Облыстық кәсіподақтың «Біркөлік» шипажайына арнайы жолдамасына ие болды.
Ұстаздық жол – толассыз ізденіс, үздіксіз еңбектену және табандылықты талап ететін қасиетті міндет. Сіздің төзіміңіз бен мейіріміңіз, еңбегіңіз бен біліміңіз талай шәкірттің болашаққа деген сенімін нығайтып келеді. Алдағы күндеріңіз жаңа табыстарға, қуанышты жаңалықтарға толы болғай!