ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Тәжібаева Айнұр Ермекбайқызы - Қызылорда облысы, Арал ауданы
Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясының педагог-психологы. Өз мамандығына шынайы сүйіспеншілікпен қарайтын, кәсіби шеберлігі мен жаңашыл көзқарасымен ерекшеленетін маман.
Ол оқушылардың тұлғалық дамуына, отбасы құндылықтарын нығайтуға және өмірлік дағдыларды қалыптастыруға үлкен үлес қосып келеді.
Республикалық «Үздік жыл психологі – 2025» байқауында ІІІ дәрежелі Диплом иегері атанды; Кәсіби табыстары мен жоғары нәтижелі еңбегінің арқасында 2025 жылдың 27-31 қазан аралығында «Біркөлік» шипажайында демалып, рухани сергіп, жаңа серпінмен еңбекке оралды.
Айнұр Ермекбайқызы – ізденіс пен еңбекті ұштастыра білген, шәкірт жүрегіне жол тапқан жан.