ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮНДІК АКЦИЯ АЯСЫНДА
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінің қабырғасында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акциясы салтанатты түрде басталды.
Бұл маңызды шараға мектептің 10-11 сынып оқушыларымен қатар, білім беру қызметкерлерінің Тарбағатай аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Искаков, құқық қорғау органдарының өкілдері – кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция лейтенанты Ж.Ерланқызы, Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Е.Кешубаев, сондай-ақ «Жанұя» отбасын қолдау орталығының әлеуметтік педагогы Г.Сабырбаева және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты.
Акцияның ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры орынбасары оқушыларға гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңыздылығын атап өтіп, әрбір баланың құқығы қорғалуы керектігін айтты. Шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның салдары және одан қорғану жолдары туралы кеңінен түсіндірді.
Акцияның мақсаты – оқушылардың құқықтық, цифрлық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру және осы мәселеге қоғамның назарын аудару. Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, алдағы уақытта осындай маңызды шараларға белсене қатысуға уәделесті.
Шығы Қазақстан облысы