ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ақтөбенің Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлнар Байменшина ауданға қарасты бірқатар білім беру мекемелерінде қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарының сақталуын тексеру, қызметкерлердің еңбек жағдайларымен танысу және жұмысшылардың ұсыныс-пікірімен жете танысу болды.
Қоғамдық бақылау Петропавл орта мектебі, В.И. ЭПацаев атындағы орта мектеп, Қосестек орта мектебі, сондай-ақ “Бәйтерек”, “Бөбек”, “Балауса” мектепке дейінгі ұйымдарында жүргізілді. Әрбір білім ошағында мекеме басшыларымен, кәсіподақ комитетінің мүшелерімен және педагогикалық ұжыммен кездесулер өткізіліп, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Гүлнар Байменшина еңбек қауіпсіздігі, еңбек демалысының уақтылы берілуі, тарификацияның дұрыс жүргізілуі, жас мамандарды қолдау шаралары секілді аспектілерге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал, педагогтардың жүктемелері және олардың еңбек өтілдеріне қатысты сұрақтар да назардан тыс қалған жоқ.
Бұл қоғамдық бақылау шарасы Қарғалы ауданының білім мекемелеріндегі еңбек қатынастарын жан-жақты талдауға мүмкіндік беріп, педагогтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстың тиімділігін арттырды. Тексеру нәтижелері кәсіподақ пен білім беру ұйымдарының өзара әрекеттесуін күшейтіп, алдағы уақытта қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау ісін одан әрі жетілдіруге жол ашты.
-
Фотографии
-