АҚТАУДА ЖАҢА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы Ақтау қаласындағы жаңадан ашылған білім ордасы - №34 жалпы білім беру мектебінің ұжым қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты - қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында бекітілетін басты құжат - ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және кәсіподақтың қызметіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында 2023 – 2026 жылдарға арналған Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы арасындағы Әлеуметтік әріптестік туралы келісімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беріліп, оның ішінде ұжымдық шарттың артықшылықтары, енгізілген үстемеақылар аталып өтті.
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Еңсегенова қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Мектеп директоры А.Кемелханова ұжымның бірауыздан кәсіподаққа мүшелікке кіруі туралы ұсынысын жеткізіп, кәсіподақ ұйымына ризашылығын білдірді.
Ақтау қалалық филиалы
-
Фотографии
-