ЕҢБЕК АДАМЫ
Ұстаз – ұрпақ болашағын қалыптастыратын, қоғам дамуына тікелей ықпал ететін ұлы мамандық иесі. Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып келе жатқан еңбек адамының бірі – Құдабаева Майдагүл Шәріпқызы.
Майдагүл Құдабаева еңбек жолын Дүкен орталау мектебінде бастап, кейін №2 қазақ орта мектебінде, Ырғыз гимназиясында жалғастырды. 2018 жылдан бері облыстық «Бастауыш класс оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру» экспериментінде жұмыс істеп келеді. Бастауыш сынып бойынша түрлі біліктілік курстарынан өтіп, педагог-зерттеуші санатына ие болды.
Майдагүл Құдабаева кәсіби байқауларға белсене қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүр. «Өз кәсібінің үздік маманы» байқауының жүлдегері, облыстық ғылыми жобалар жеңімпазы атанды. «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгертудегі мұғалімдердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» семинарында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталған.
Авторлық еңбектері де педагогтарға тәжірибелік көмек болып отыр. Оның «Бастауыш класта оқудың жаңашылдықтары» әдістемелік құралы және «Оқушылардың танымдық, шығармашылдығын арттыруға арналған тапсырмалар» жинағы облыс көлемінде таратылған.
Майдагүл Құдабаева еңбегі еленген білікті маман. Ол Ақтөбе облысы әкімінің (2022) және облыстық білім басқармасының (2021) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Сондай-ақ «Өз кәсібінің үздігі» III дәрежелі дипломының (2020), облыстық пәндік олимпиада II дәрежелі дипломының (2019) иегері. Бұған қоса 2018 жылғы облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, 2017 жылғы аудандық Алғыс хат және «Үздік сынып жетекшісі» байқауының I орын жүлдесі (2020) оның үздік еңбегінің айғағы.
Ұстаздың шәкірттері де қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі «Ақ Бота», «Кенгуру», «Smart Olimpiada», «Бәйтерек», «Мың бала», «Абай», «Мағжан» және басқа да зияткерлік сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.
Білім жолында табандылық танытып, жаңашылдықты үнемі ізденіспен ұштастырып жүрген Майдагүл Шәріпқызы туған жеріндегі жас ұрпаққа сапалы білім беруге үлес қосып келе жатқан шынайы еңбек адамы.