КӘСІПОДАҚТЫҢ МЕРЕЙТОЙЛАРЫНА АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ТУРНИР
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы облыстық білім басқармасымен бірлесіп, Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына, Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына және «Еңбекші» салалық газетінің 10 жылдығына арналған баскетбол және бильярдтан облыстық турнир ұйымдастырды.
Іс-шараның ашылу салтанатында Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев және жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара спорт мәдениетін дамыту, ұжымдық бірлікті нығайту, педагог қызметкерлердің белсенді өмір салтын қолдау мақсатында өтіп, оған жалпы 15 команда қатысты. Олардың қатарында:
облыс аудандары мен Тараз қаласы ұстаздарының құрама командалары;
облыстық мекемелердің Біріккен комитеті;
ЖОО профессор-оқытушылары мен өңірлік БАҚ өкілдері.
Баскетболдан өткен кездесулерге Жамбыл облысының баскетбол және 3х3 баскетбол федерациясының президенті, жоғары дәрежелі ұлттық төреші Азизжон Турсумбаев, ал бильярд бойынша облыстық федерация төрағасы Владимир Путренко төрелік етті.
Баскетбол ойындарының нәтижесі:
I орын – Тараз қаласы командасы
II орын – Шу ауданы командасы
Марапаттар:
Үздік төрешілер – Руслан Халидов, Мұхамед Чауш Оглы
Ардагер спортшы – Замик Аскеров (Меркі ауданы)
Үздік шабуылдаушы – Закиржан Фазиев (Шу ауданы)
Үздік қорғаушы – Салих Ишмуратов (Тараз қаласы)
Үздік қорғаушы – Бекжан Үсенов (Біріккен комитет)
Үздік ойын бастаушы – Нұрдаулет Канатбеков (Жамбыл ауданы)
Бильярд нәтижесі:
Ерлер арасында:
I орын – Мақсат Абаев (Ш.Мұртаза атындағы ХТУ)
II орын – Мақсат Болат (Қордай ауданы)
III орын – Нұрболат Намаз (Тараз қаласы)\
Әйелдер арасында:
I орын – Айгерім Алимбаева (Жуалы ауданы
II орын – Гүлдана Әбжапарова (Тараз қаласы)
III орын – Аида Нагимова (Меркі ауданы)
Барлық жеңімпаздар мен үздіктерге Диплом мен Алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар табысталды.
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.