ОЙЫЛ АУДАНЫНДА ӨТКЕН МАҢЫЗДЫ ЖИЫН
Ақтөбеде Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Еңбекші әйелдер комиссиясының ұйымдастыруымен «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» тақырыбында маңызды басқосу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – әйелдер мен қыз балаларға бағытталған онлайн қауіп-қатерлердің алдын алу, цифрлық зорлық-зомбылықты азайту және қоғамда қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыру.
Жиын барысында қатысушылар цифрлық қауіпсіздікті нығайту, қыз балалардың құқықтарын қорғау, желідегі қорлау, қудалау және алаяқтықтың алдын алу мәселелерін кеңінен талқылады. Сонымен қатар, мектептер мен білім беру ұйымдарының бұл бағыттағы жауапкершілігі мен рөлі ерекше атап өтілді. Кездесу қатысушылары ортақ әрекет ету қажеттігін тілге тиек етіп, жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызын атап өтті.
Жиын соңында қатысушылар цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алуда тек мемлекеттік органдар ғана емес, бүкіл қоғам біріге әрекет етуі қажет деген ортақ пікірге келді. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шараларды жалғастырып, жас ұрпақтың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар күшейтілетіні айтылды.
Бұл кездесу қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ортақ қадамдардың бірі болды.
-
Фотографии
-