СЕМИНАР ӨТТІ
Желтоқсанның 10 күні «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ ұйымдастыруымен Индер ауданы білім беру ұйымдарының келісу комиссияларының мүшелері үшін «Еңбек заңнаманы қолдану туралы» тақырыбында ZOOM-платформа арқылы онлайн-семинар өткізілді.
Семинарға қатысушыларға Салалық деңгейде оқу-ағарту қызметкерлері үшін еңбек жағдайын жақсарту, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімге 10.09.2025 ж. еңгізілген өзгерістер туралы, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты өтемақы төлеу, бала күтіміне байланысты демалыс туралы заңнама аясында түсініктер берілді. Тыңдаушылар тарапынан осы бағытта көптеген сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.
Сондай-ақ, барша білім беру ұйымдарында келісу комиссияларына арыз түскен жағдайда облыстық салалық кәсіподақтың әрқашан көмек көрсетуге дайындығы қаперге берілді.
Атырау облыстық ұйымы
-
Фотографии
-