БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ТЫНЫСЫН ТЫҢДАҒАН КҮН
Ақтөбе облысының Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлсайра Құлекенова бірқатар білім беру мекемелерінде болып, қоғамдық бақылау жүргізді. Атап айтқанда, ол Қаратоғай орта мектебінде, М.Орынбасаров атындағы негізгі орта мектебінде және «Толағай» бөбекжай-балабақшасында болды.
Сапар барысында кәсіподақ төрағасы әрбір ұжыммен кездесіп, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек жағдайларын, құқықтық сауаттылығын және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексерді. Ұжым мүшелерімен ашық әңгіме өткізген Гүлсайра Құлекенова олардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіподақ тарапынан көрсетілетін қолдау бағыттары жайында түсіндірді.
Мектеп пен балабақша қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, еңбек жағдайын жақсарту, құқықтық кеңес беру, ұжымішілік байланыстарды нығайту жайлы ұсыныстарын айтты.
Қоғамдық бақылау барысында білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі, еңбек талаптарының орындалуы, қызметкерлердің құжаттамалық және әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейі қаралды. Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлсайра Құлекенова сапар соңында ұжымдардың еңбегіне табыс тілеп, кәсіподақ ұйымының әрдайым мұғалімдер мен қызметкерлердің құқықтарын қорғауға дайын екенін атап өтті.
Бұл кездесулер Шалқар ауданы білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және кәсіподақ мүшелерінің мәселелерін дер кезінде шешуге бағытталған игі қадам болды.
-
Фотографии
-