ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА!
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау - кәсіподақ жұмысының басым міндеттерінің бірі.
Кәсiподақтың аудандық және қалалық филиалдары бiлiм беру
мекемелерiнде қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғауды сақтау жөнiнде жүйелi рейдтер мен мониторингтер жүргiзедi.
2025 жылдың желтоқсан айында СҚО Мағжан Жұмбаев аудандық филиалының аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Пащенко Н.А., аудандық білім бөлімінің мониторингтік тобының құрамында Фурманов орта мектебі мен Полудин орта мектебіне барды.
Бұл сапардың мақсаты оқушылар мен мектеп қызметкерлері үшін жасалған жағдайлардың сапасын бақылау болды.
Тексеру барысында оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайлардағы температуралық режимге ерекше назар аударылды. Асхана, және ас дайындау блогының жұмысында міндетті құжаттаманың болуы тексерілді - нұсқаулық журналы, брокерлік журналдар, күнделікті ас мәзірінің болуы, тағамдардың каллориялық сақталуына назар аударылды.
Сонымен қатар, қызметкерлердің санитарлық кітапшалары тексеріліп, жұмыс орындарында жеке гигиена ережелері мен санитарлық талаптардың сақталуы бағаланды.
Аталған мектептерді тексеру қорытындысы бойынша санитарлық- гигиеналық жағдайларды одан әрі жетілдіру және тамақтану сапасын бақылауды нығайту жөнінде ұсыныстар берілді.
Мұндай сапарлар білім беру мекемелерінде қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары деңгейін сақтауға көмектеседі.