«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ»
Дәл осындай тақырыппен Қазақстанның тәуелсіздігінің 34 жылдығына арналған Атырау қаласы білім бөлімінің Жалпы білім беретін «Фариза Оңғарсынова атындағы орта
мектеп» КММ-інде салтанатты жиын өтті. Кешті жүргізген оқушының саңқылдаған дауысы залды кернеп кетті:
- Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!».
Салтанатты жиынды мектеп директоры Рамазан Егизалиев қысқаша сөз сөйлеп ашты. Мектептің тарих пәнінің мұғалімі Индира Сағынаева еліміздің егемендігі туралы тарихи оқиғаларға шолу жасаған баяндамасын оқыды.
Жиында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Шаттық Айтжановалар құттықтау сөз сөйлеп, республикалық,
облыстық және қалалық салалық кәсіподақ ұйымдарының марапаттарын табыстады.
Салтанатты жиын соңы мектеп оқушыларының концертіне ұласты.
Атырау облыстық ұйымы
-
Фотографии
-