ХРОМТАУДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛІП, ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов Хромтау ауданындағы бірқатар білім беру ұйымдарында қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Іс-шаралар аясында Хромтау жоғарғы тау-кен техникалық колледжінде, Хромтау ауданының №4 орта мектебінде және №7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастырушылық жұмыстары, ұжымдық шарттардың орындалуы, қоғамдық бақылау мәселелері, сондай-ақ жұмыс орындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы қаралды. Сонымен қатар, бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер бойынша түсіндірме беріліп, әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.
Сондай-ақ, облыстық ұйым өкілі Айжарық Серімбетов Хромтау жоғарғы тау-кен техникалық колледжінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары түсіндіріліп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Жүргізілген жұмыстар білім беру ұйымдарының күнделікті қызметінде кездесетін мәселелерге ортақ көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
-
Фотографии
-