ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ
Салалық кәсіподақтың еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы жылдық жұмысын қорытындылады.
2025 жылдың 19 желтоқсанында онлайн режимде Комиссияның ағымдағы жылдағы соңғы отырысы өтті.
Оның барысында республикалық және өңірлік комиссиялар жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, негізгі нәтижелерін ұсынды. Комиссия мүшелері 2026 жылға арналған жоспарды талқылап, ұсыныстарын енгізіп, құжатты бекітті.
Сонымен қатар, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық кампаниясының шеңберінде жұмыс ортасындағы қауіпсіздік пен қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды бағалау мақсатында өткізілген сауалнама қорытындыланды.
Жыл бойы әйелдердің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: конкурстар, көрмелер, конференциялар, форумдар, акциялар, дәрістер, семинар-тренингтер, шеберлік сыныптар, пікірталастар, сондай-ақ құқықтық және психологиялық кеңес берулер өткізілді.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде гендерлік ағартушылық, әйел мүддесін қорғау және отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында ақпараттық жұмысты күшейту ұсынылды.