ЖАҢА БАЛАБАҚШАДА БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ҚҰРЫЛУДА
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында «Жас-өркен» атты жаңа балабақшаның салтанатты ашылуы өтті.
Бұл оқиға өңірдегі білім беру инфрақұрылымының дамуы үшін маңызды кезең болып табылады.
Ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғ.Т.Нұрмұхамбетов, сондай-ақ құрметті қонақтар мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Әкім барша қатысушыларды құттықтап, жаңа балабақшаның «Жас-өркен» шағынауданының тұрғындары үшін үлкен мәнге ие екендігін атап өтті.
Ресми ашылу рәсімінен кейін қонақтар жаңа ғимаратқа экскурсия жасап, оның инфрақұрылымымен танысты.
Балабақша 280 орынға есептелген және 12 топтан тұрады, мұнда балалар мемлекеттік тілде білім алады.
Жаңа білім ошағы заманауи спорттық және акт залдары, қосымша білім беру кабинеттері, тамақтану және медициналық блоктарымен жабдықталған. Сондай-ақ, арнайы мамандықтар бойынша кабинеттер қарастырылған, бұл балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
Бұл білім ошағында бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылуда. Жаңа білім ордасына жасөспірімдерді тәрбиелеуде жарқын жетістіктер тілейміз.