КӘСІПОДАҚҚА АЛҒЫСПЕН!
Мен, Кужкаева Қарлығаш Калимбекқызы, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Асусай» мектеп-балабақша кешені» КММ-нің кіші қамту қызметкері ретінде Өскемен қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты салтанатты шараға қатысып қайттым.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге бағытталған тағылымды басқосу болды. Аталған шарада «Жұмысшының бір күні» бейнеролик байқауына қатысып, жүлделі ІІ орын иегері атанғаным — мен үшін зор қуаныш, еңбегіме деген үлкен серпіліс болды.
Сонымен қатар «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты облыстық жинаққа енуім де маған көрсетілген сенім мен құрметтің тағы бір дәлелі. Аудандық кәсіподақ төрағасы Ержан Искаковтың марапат табыстауы — жүрекке ерекше қуаныш сыйлаған, еңбегімді одан әрі бағалай түскен үлкен мәртебе.
Еңбекке деген адалдықты бағалап, қолдау көрсеткен облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымдарына шексіз алғыс айтамын! Осындай сенім мен қолдау — алға жетелейтін күш, жаңа белестерге ынталандыратын шабыт.
Еңбегі еленген адамның жүрегінде қуаныш, бойында жігер артады.
Баршаңызға мықты денсаулық, толағай табыс және берекелі еңбек тілеймін!
Қ.Кужкаева,
Тарбағатай ауданы «Асусай» мектеп-балабақша кешені» КММ-нің кіші қамту қызметкері.
-
Фотографии
-