БАСТАУЫШ ҰЙЫМДА ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП
2025 жылғы 18 желтоқсанда СҚО Айыртау ауданы «Воскресеновка ОМ» КММ-де ағымдағы жыл бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру–сайлау жиналысы өтті.
Жиналыс барысында кәсіподақ комитетінің жұмысының қорытындылары шығарылып, өткен кезеңдегі жетістіктер атап өтілді және алдағы уақытқа арналған жоспарлар бекітілді. Сөз алған кәсіподақ мүшелері өткен жылда кәсіподақтан қандай көмек алғандарын айтып өтті.
Ұжымдық шарт бойынша кәсіподақ мүшелеріне арналған жеңілдіктердің де пайдасының молдығы туралы да айтылды
Сондай-ақ, жиналыста кәсіподақ комитетінің жаңа құрамы сайланды. Ұйым мүшелері болып ұжымның мүддесін қорғайтын және кәсіподақ қызметін дамытуға үлес қосатын қызметкерлер таңдалды.
Белсенді мектеп қызметкерлерін марапаттауға ерекше көңіл бөлінді: адал еңбегі мен білім беру мекемесінің дамуына қосқан үлесі үшін оларға алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара іскерлік әрі достық атмосферада өтіп, бірлескен жұмыстың маңыздылығы мен әрбір қатысушының кәсіби біліктілігін айқындай түсті.