ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНЫҢ ЖАРҚЫН ҚОРЫТЫНДЫСЫ
22 желтоқсан күні Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылын» қорытындылау және Энергетиктер күніне арналған «ENERGY & SKILLS FEST – 2025» облыстық фестивалі жоғары деңгейде өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – энергетика саласындағы жұмысшы мамандықтардың маңызын арттыру, техникалық және кәсіптік білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беру ұйымдары мен әлеуметтік әріптестер арасындағы байланысты нығайту.
Іс-шара аясында Маңғыстау облысы Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысының құттықтау сөзі мен Жұмысшы мамандықтар жылындағы басты жетістіктердің видео-презентациясы ұсынылды. «Skills – 2025» кәсіби көрмесі өтіп, электр монтажы, робот техникасы, автоматтандыру, 3D модельдеу бағытындағы жобалар таныстырылды. «Aqyl Hub» – Ақылды үй смарт технологиялар орталығының салтанатты ашылуы өтті. «BabySkills – болашақ шебері» байқауы ұйымдастырылып, жас қатысушылар марапатталды.
Шара аясында ҰҒА құрметті академигі Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаевпен тағылымды кездесу өтті. Халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары, «Energy Quiz» зияткерлік ойыны өткізілді.
Фестиваль қонағы ретінде әлеуметтік әріптес ретінде Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы Т.Баймбетова құттықтау сөз сөйлеп қатысты..
Сонымен қатар, республикалық және халықаралық чемпионаттарда жоғары нәтиже көрсеткен студенттердің аналарына Алғыс хаттар табысталып, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының еңбегі ерекше атап өтілді.
Фестиваль жұмысшы мамандықтардың ел дамуындағы стратегиялық рөлін тағы бір мәрте дәлелдеп, білім мен өндіріс арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтерді. Жұмысшы мамандық – ел энергиясы!
Б. Нұрбосынов,
Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.