ТАЛДЫҚОРҒАНДА КЕҢЕС ЖӘНЕ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Атқару комитеті мен Кеңес отырысы өтті.
Алқалы жиынға Талдықорған қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Жиынды филиал төрағасы Айым Ерікқызы жүргізіп, 2025 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Сондай-ақ, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы таныстырылып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар енгізіліп, бекітілді. Отырыста 2025 жылға арналған кәсіподақ мүшелігі мен кәсіподақ органдары туралы статистикалық есеп бойынша филиал есепшісі Айгерім Серікқажықызы ақпарат берді.
Жиынға «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің заңгері Қайырхан Әсет Қайырханұлы арнайы қатысып, еңбек ұжымдары тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында нақты жауаптар беріп, құқықтық кеңестер ұсынды.
Атқару комитетінің мүшелері кәсіподақтың ағымдағы жылғы жұмысына оң баға беріп, алдағы жылға арналған кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар маңызды міндеттерді айқындады.
Жетісу облыстық ұйымының Талдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-