ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН
Бүгін Ақтөбенің Кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында жыл қорытындысына арналған салтанатты марапаттау шарасы өтті. Жиында еңбек адамдарының еңбегі бағаланып, сала үздіктері мен кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді.
Салтанатты шара барысында кәсіподақ ардагерлері мен белсенді қызметкерлерге марапаттар табысталды. Жиында Кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарын қорғаудағы рөліне тоқталды.
Шара барысында Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының есепшісі Роза Китанова мен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов «Кәсіподақтар қозғалысына 120 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат олардың көп жылғы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесінің айғағы болды.
-
Фотографии
-