«BEST OF ТЖКБ: ҮЗДІКТЕР САЛТАНАТЫ»
29 желтоқсан күні Маңғыстау туризм колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылын» қорытындылауға арналған «BEST of ТжКБ: Үздіктер салтанаты» атты ауқымды салтанатты шара өтті.
Шараның басты мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында бір жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылау, үздік педагогтерді, колледждерді, сарапшылар мен WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының жеңімпаздарын ұлықтау.
Шараға өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, басшылардың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасарлары, WorldSkills Kazakhstan қозғалысының сарапшы-компатриоттары мен чемпион студенттер қатысты.
Бұл – еңбек адамдарына көрсетілген айрықша құрметтің белгісі болды.
Шара барысында облыстағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен студенттерінің қол жеткізген жоғары нәтижелері ерекше аталып өтіп, оларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, Маңғыстау облысы әкімінің, Білім басқармасының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табысталды.
Марапатталғандар қатарында колледж басшылары, олардың өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, компатриот-сарапшылар, WorldSkills Kazakhstan-2025 чемпионатының жеңімпаздары бар.
Бұл марапаттар колледждердің тек оқу сапасын ғана емес, инновация, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әлеуметтік серіктестік пен цифрлық даму бағытындағы еңбектерін айқындады.
«BEST of ТжКБ: Үздіктер салтанаты» – еңбек адамына, кәсіби білімге және болашақ мамандарға көрсетілген жоғары құрметтің айқын көрінісі болды. Шара өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру саласының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Маңғыстау облыстық ұйымы