ҰЛЫТАУДА ҮЗДІКТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Жезді кентінің мәдени-сауықтыру орталығында білім беру саласында табысты еңбек етіп жүрген үздік педагогтер мен білім беру ұйымдарын ұлықтағауға арналған «Үздіктер шеруі – 2025» атты салтанатты іс-шара өтті.
Бұл тағылымды кеш — бір жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, шәкірт жүрегіне білім мен тәрбие нұрын сепкен ұстаздарға көрсетілген зор құрмет пен алғыстың айқын көрінісі болды. Білім сапасын арттыруға, ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосқан сала майталмандарының еңбегі лайықты бағаланды.
Іс-шараға Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Марат Қоңырбаев, Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков және білім беру саласының басшылары, қызметкерлері, ардагерлері қатысты.
Аудандық өнер жұлдыздары танымды концерт қойып, білім беру саласының үздіктері марапатталды.
Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен және аудандық Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен үздіктерді марапаттады.
Өз кезегінде облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Қоңырбаев кәсіподақ марапаттарың табыстады.
Сонымен қатар, үздік қызметкерлер мен үздік ұйымдар түрлі номинациялармен марапатталды.
Барлық марапат иелерін құттықтаймыз!