ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ
Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында волейбол және стол теннисінен спорттық жарыс жоғары деңгейде өтті.
Аталған спорттық іс-шара 4 жалпы білім беретін мектептің базасында ұйымдастырылып, оған 17 команда қатысты. Жарыстың басты мақсаты – білім саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және спортқа деген қызығушылықты арттыру болды.
Салтанатты ашылу рәсіміне:
• Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев,
• Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла,
• Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ержан Исатаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Волейбол жарысының қорытындысы:
1 орын – Тұран мектебі;
2 орын – М.Әуезов мектебі;
3 орын – «Заңғар-М» мектеп-интернаты;
3 орын – №4 жалпы білім беретін мектеп.
Стол теннисі (әйелдер):
1 орын – Ә.Сығай ЖББМ ;
2 орын – «Заңғар-М» мектеп-интернаты ;
3 орын – №3 ЖББМ;
3 орын – В.Вахидов атындағы мектеп .
Стол теннисі (ер мұғалімдер):
1 орын – В.Вахидов атындағы мектеп;
2 орын – С.Рахимов атындағы мектеп;
3 орын – Ә.Жәнібеков атындағы мектеп;
3 орын – №4 ЖББМ.
Жарыс қорытындысы бойынша барлық жүлдегерлерге ақшалай сыйлық сертификаттары, медальдар және құрмет грамоталары табысталды.
Осындай ауқымды спорттық іс-шаралар ұстаздар арасында ынтымақты арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосуда. Алдағы уақытта да мұндай игі бастамалар жалғасын табады деген сенімдеміз!
-
Фотографии
-